Accessibility links

3 шілде күні Интерфакс-Қазақстан агенттігі Республиканың Бас прокуратурасының хабарламасын жариялады.


Онда шетелдік компаниялар мен шетелдіктердің қатысуындағы кәсіпорындарда еңбек заңдарының жиі бұзылатындығын айтылған.

129 шетелдік компания мен шетелдіктердің қатысуындағы кәсіпорындарда жүргізілген тексерулер барысында шетел инвесторларының еліміздегі еңбек заңдарына атүсті қарайтыны анықталған.

Заңдарды бұзу фактілері, көбінесе апатты жағдайлардың орын алу қаупі көп болатын мұнай және газ, тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпорындарда жиі кездеседі.

Тексеру барысында анық болғандай, шетелдік жұмыс берушілер тарапынан болып жататын негізгі заң бұзушылық шетелдік мамандармен тең жағдайда еңбекақы төлеуде республика азаматтарына қатысты кемсітушілік (дискриминация) болып табылады.

Мұндай фактілерге байланысты пркуратура органдары қажетті шаралар қабылдады. Тексеру нәтижесінде мемлекет басшысына мәлімделген және 6557 република азаматының құқықтары қорғалған.
XS
SM
MD
LG