Accessibility links

Ызрайыл әскерлері бейсенбі күні Қалқылия қаласындағы күзет кезінде бір палестиндықты атып өлтірген.


Ызрайыл әскерлері бейсенбі күні Қалқылия қаласындағы күзет кезінде бір палестиндықты атып өлтірген, сондай-ақ Газа даңғыл жолын уақтынша жапқан.

Ызрайыл жағынан хабарланғанындай, мұндай шаралар Палестина бүлікшілдері шабуыл жасағаннан кейін іске асырылған. Ал, ол өлім үшін Португалияда сапарда жүрген Палестина сыртқы істер министрі Набил Шаас Ызрайылды айыптаған, бірақ бұл жағдай бейбітшілік үдерісіне кедергі болмауы керек, деген. Батыс жағалауда тілшілер қойған сұраққа Палестина бас министрі Аббас, "Ызрайыл мұндай әрекеттерімен бейбітшілік ісіне кедергі жасауда", деген.

" Мұндай бүлікшілдікті біз көтере алмаймыз. Бұл - қауіпсіздікке кесір. Палестина экономикасына қарсы қылмыстық әрекет", деген Махмуд Аббас.

Дегенмен бұл арада, бейсенбі күні Ызрайыл Палестина қауіпсіздік қызметінен Сулеймен Абу Мутлақ және 33 тұтқынды бостандыққа шығарған. Ал, АҚШ президенті Дж.Буш Палестина бас министрі Аббасқа телефон шалып, Жол картасын іске асыру бағытындағы әрекеттері үшін оған өз ризашылығын білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG