Газа секторы. Палестиннің İслам жихады жауынгерлік тобының жетекшілері кеше Палестиннің үкімет басы Махмұд Аббаспен өткізген келіссөздерін байыпты және пайдалы тұрғыда болды деп атаған. Жихад тобының басшысы Мохаммед Әл- Хинди жауынгерлік топтың Израил түрмелеріндегі палестиндіктерді босатуды талап еткендігін айтқан. Жексенбі күні палестиндік топтар Израилмен бейбіт жағдайға баратындақтары жөнінде жариялаған, бірақ та ол үшін түрмеде отырғандарды босатып, Израилдың ол жауынгерлерді өлтірмеуі жөнінде шарттар қойған болатын. Осы аптаның басында Израил 53 палестиндікті босатқан-ды, бірақ бұл жеткіліксіз деген жауынгерлік топтар Израил абақтыларында мыңдаған палестиндіктердің қамауда жатқанын айтады. Әл-Хинди ең бірінші кезекте бостандыққа шығулары керек адамдардың тізімі жасалған еді деген. Израил жағы болса, кішігірім бұзақылық жасағандар мен ұзақ мерзімге сотталғандар шығарылуы мүмкін, алайда израилдықтарды өлтіруге шабуылдар жасағандарды босату жөнінде сөз болмауы тиіс дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"