Accessibility links

Ауғанстанда бітімгершілік жасақтың сарбаздары жараланды


Қабул қаласының солтүстігінде голландиялық бітімгершілердің мәшинесі күзет барысында мина басып кетіп, үш сарбаз жарақат алды. Олардың жағдайы қалыпты деп хабарланды. Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік жасақтың қатарында жалпы бес мың сарбаз бар. Жасақты Германия мен Голландия өкілдері басқарады. Бітімгершілік қызметі тамыз айында НАТО одағының қолына өтеді.
XS
SM
MD
LG