Accessibility links

Пәкістанның Кьютта қаласында мешітте қаза болғандар жерленді


Пәкістанның Кьютта қаласында кеше шиит мешітінде болған жарылыстың себебі анықталды. Бұл бомбашы-жанкештілердің шабуылы екен. Үш жауынгер бомба жарып, өздерімен қоса 48 адамның өмірін қиды. Қырық адам ауруханаға түсті, олардың бесеуі ауыр халде. Шиит пен сунниттерді бір бірімен шағыстырған шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. Пәкістан президенті Перүәз Мұшарраф бүгін осы мәселеге тағы қайырылып, шабуылдың артында тұрғандар үлкен қатыгездік жасады деп сөкті. Шабуылдың шеттен ұйымдастырылу ізін де тергейміз деді Пәкістан президенті. Құрбан болған азаматтар бүгін жерленді. Оларды соңғы сапарға аттандыруға мыңдаған адам жиналды. Қантөгіске наразылық танытқан шиит мұсылмандарды кешеден бері қатты толқуда, олардың біразы түні бойы Кьютта қаласының көшелерін кезіп, мәшинелерді өртеді, аспанға мылтық атып, ашу шығарды.
XS
SM
MD
LG