Accessibility links

Түркиядан тағы бір хабар: Анкараның орталығындағы май құю станциясында жарылыс салдарынан болған өрт 100-деген адамды зақымдаған.


Станцияда сұйық газ құйып жатқан кезде жарылыс орын алған. Мұнан соң өрт жалыны май құю станциясына жақын жердегі ғимараттарды шарпыған. Өрт алған станцияға таяу тұрған мейрамхананың той залында адам толы болған. Түркияның денсаулық сақтау министрі Ресен Ақдақ журналистерге 11 адам түрлі жарақат алып, күйікке шалынды, қаза болғандар жоқ деп айтқан. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатқан кезде-ақ Түркия үкіметінің басшысы Режеп Тайып Ердоған оқиша болған жерге келіп, апат салдарын көзімен көрген.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG