Accessibility links

Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізу мақсатында Күрдістанның отаншылдар одағының бас хатшысы Дж.Талабани келді, оның артынша Күрдтердің демократиялық партиясының көсемі М.Барзани де келеді деп күтілуде.


МӘСКЕУ: Күрдістанның отаншылдар одағының бас хатшысы Джалал Талабани бүгін Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге келеді. Ирақ күрдтерінің жетекшісі Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Ивановпен және басқа ресми тұлғалармен Ирақтағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың болашағын талдайтын болады. Ресейлік ақпарат көздерінің хабарына сәйкес, таяу болашақта Ресейге Күрдтердің демократиялық партиясының көсемі Масуд Барзанидің де келіп қалуы мүмкін деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG