Accessibility links

Грузия өкіметі мойындалмаған Оңтүстік Осетия республикасы басшылығының Ресейдің құрамына кірмек ниетіне алаңдаушылық білдіреді.


ТБИЛИСИ: Грузия Оңтүстік Осетия басшылығының “республика Ресейдің құрамына кіруге дайын” деген мәлімдемесіне алаңдаушылық білдіруде. Грузин сыртқы істер министрлігінің осы мәлімдемесінде айтылғандай, Оңтүстік Осетияның президенті Эдуард Кокойтаның кейбір Ресейлік саясаткері тарапынан қолдау тапқан мәлімдемесі – Грузия территориясының біртұтастығына қатер төндіру болып табылады. Ол құжатта, сондай-ақ, Тбилиси Ресейдің жоғарғы басшылығының ресми көзқарасын күтеді делінген. Ресми түрде мойындалмаған Оңтүстік Осетия республикасы – құжат жүзінде Грузияның құрамында қалғанымен де, іс жүзінде грузин өкіметінің қол астынан шыққан өлке.
XS
SM
MD
LG