Accessibility links

Бағдатта бірінші рет қалалық мәслихат өз отырысын өткізді.


Кеше Бағдатта бірінші рет қалалық мәслихат өз отырысын өткізді. Таяу арада Ән Наджафта жергілікті кеңес өз жұмысын бастамақ. Ирақтағы уақытша американ-британ әкімшілігінің басшысы Пол Бремердің Бағдат мәслихатының жұмыс жасауына байланысты мәлімдеуінше:

"Шынтуайтында бұл одақтастар қолы сіздерді Саддам Хусейн диктатурасынан азат еткен 9-ыншы көкектен кейінгі ерекше күн, өйткені 30 жылдан бері болмаған Бағдатта демократиялық басқару жүйесі қалпына келтірілді."

Сондайақ өз сөзін жалғастырып ол:

"Бұндай тамаша қаланың бейбітшілік сүйер тұрғындарына қара ниетті адамдар қауіп төндіргендігіне қарамастан, сіздер коммуналдық қызметке батыл кірістіңіздер."

Бремер сондайақ қазан айының ортасында, жаңа Ирақ ақшасы басылады деді. Олар айналымда жүрген Саддам Хусейннің бейнесі бар ақшаны ауыстырады. Бремердің айтуынша, ирақтық диктатор билікке келмес алдын, қолданыста болған "швейцарлық динар " деп аталған қаржылар негізге алынатын болады. Ирақтағы американ-британ әскери басшылығы одақтастар қосындарына шабуыл жасаушы Саддам Хусейн жақтастары туралы мәлімет берушілерге қаржылай силық ұсынып отыр. Ирақта американ-британ қосындарына шабуылдар тиылатын емес. Бүгін елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында мерген мылтығынан британдық қосын ауыр жараланды.Бағдаттағы жарылыстан екі американ әскері жарақат алды. Қаланың солтүстігінде орналасқан американ әскер базасы минометтен атқыланды, ешкім запа шекпеді.
XS
SM
MD
LG