Accessibility links

Дувановсыз өткен бір жыл


Осыдан тура бір жыл бұрын, 2002 жылғы 8 шілдеде оппозициялық тәуелсіз журналист, «Қазақстандағы және әлемдегі адам құқығы» журналының редакторы әрі «Политон» ақпараттық-талдау орталығының басқарма мүшесі Сергей Дувановты қудалау басталды.


Дәл осы күні, бір жыл бұрын ҰХК қызметкерлері журналистің қызмет орнында Адам құқтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросында және оның үйінде тінту жүргізді. Тінту барысында оның компьютеріндегі блок жүйесі тәркіленді. Оған Президенттің ар-намысына тіл тигізді деген айып тағылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал кейінірек, яғни өткен жылғы 28 тамызда Сергей Дувановқа шабуыл жасалып, өз пәтері алдында соққыға жығылды.

Ол туралы «Журналистер қауіп-қатерде» атты қордың жетекшісі Розлана Таукина:

-Ол Қазақстан демократиялық жолмен емес, теріс жолмен кетіп барады, мұнда авторитарлық билік орнады деген тұрғыда сын мақалалар жазды. Сондықтан да көптеген тәртіп бұзушылықтар орын алып, адам құқықтары мен заң бұзушылықтар көбеюде. Сергей Дуванов соны әшкерелегені үшін жазаланды, - дейді.

Қысым көрсетушілер оған «Қазахгейт» мәселесін көтеруші болма, деген тұрғыда емеурін білдірген. Алайда Сергей Дуванов одан қаймықпай, қайта сыни пікірлерін үдете түсті. Ол Қазақстаннан ешқайда кетпеймін деді.

Сол үшін де өзі ешқашан істемеген қылмыс мойнына ілініп, кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айыппен 2003 жылы 23 қаңтарда сот шешімімен 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Абақтыға отырған Сергей Дуванов еңбекпен түзеу лагерінде ешқандай ақпараттан хабарсыз, жазасын өтеуде. «Журналистер қауіп-қатерде» атты қор өз мәлімдемесінде осылай дейді.

Осыған орай «Журналистер қауіп-қатерде» атты қор мәлімдеме жасап, жазықсыз жазаланып, босқа сотталып кеткен Сергей Дуванов дереу босатылсын, оған жала жапқандардың өздері сотқа тартылсын дейді. Сергей Дуванов өзіне ешқандай рақымшылық жарияланғанын күтпейді, ол кешірім жасалсын деп тілемейді. Ол түрмеден босатылуы және ақталуы тиіс, сәрсенбі күні таратылған мәлімдемеде осындай талаптар қойылуда.
XS
SM
MD
LG