Accessibility links

Сырттай сот шешімін шығару тәжірибесі өзін ақтамай отыр


Шілденің 9-ы күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында кеңейтілген отырыс өткізіліп, 2003 жылдың алты айындағы жұмыс қортындысы талқыланды.


«Биыл азаматтық істердің саны едәуір көбейген. Сонымен бірге іс қарау сапасы да арта түсті.Дегенемен кемшіліктерде жоқ емес»,-- дейді ҚР Жоғарғы Соты төралқасының төрағасы Сансызбек Райымбаев. Мысалы, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы аудандық соттарда сот істері дер уақытында қаралмайды. Мұндай кемшілік облыстық соттарда да кездеседі.

Сот қызметіндегі қиындық тудырып отырған тағы бір мәселе—апелляциялық істерге байланысты. Бұған заң қолдану тәжірибесінде бір ізділіктің жоқтығы себеп болуда.

Соның салдарынан апелляциялық істердің үлесі әзірге бес-алты пайыздан аспай отыр.

Отырыс барысында айыпкерді сырттай соттау немесе сырттай сот шешімін шығарудың дұрыс-бұрыстығы жайында да сөз болды. Естеріңізде болар, сырттай соттау тәжірибесі Қазақстанның бұрынғы Үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдинге алғаш рет қолданылған еді. Райымбаев мұндай тәжрибенің өзін ақтамай отыр деп санайды.

«Қазіргі кезде бұрын сот тәжірибесінде болмаған салық төлеуден жалтарушылар ісі көбейген. Ал кейінгі жылдарда құрылған экономикалық соттардың жұмысы көңілден шыға қоймайды. Мысалы, кейбір экономкалық сот төрешілері шығарған шешімдердің басым көпшілігі кейіннен бұзылып жатады. Сондықтан, сот төрешілерін бір салаға мамандандыру және олардың біліктілігін көтеру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр», -- дейді Жоғарғы Сот төралқсының азаматтық істер жөніндегі төрағасы Сансызбек Райымбаев.
XS
SM
MD
LG