Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш, Оңтүстік Африка Республикасына, Африка елдеріне сапары барысында келді.


АҚШ президенті Оңтүстік Африка Республикасының аймақтағы маңыздлығына қолдау көрсетпекші. Буштың пікірінше ОАР-дың басшылары өз беделін пайдаланып, Зимбабве президенті Роберт Мугабені демократиялық реформаларды жасауы қажеттігін ұғындыруы тиіс. Кеше Сенегалда сөйлеген сөзінде, Буш қара құрылық тұрғындарынан өз атынан кешірім сұрап, құлдықтың адамзат тарихындағы ең келеңсіз істердің бірі екендігіне былайша тоқталды :

"Африканың күшпен әкетілген ұлдары мен қыздары, Американың арын оятуға себепші болды. Құлдыққа сатылған адамдардың өздері Американың азаттық алуына көмектесті. Менің халқымның әділеттілікке сапары оңай болған жоқ, әрі ол аяқталған жоқ."

Сондайақ АҚШ елбасы өз ойын былайша жалғастырды:

"Жер бетіндегі ғаламдық сауда саттықтың өсуі барысында Африка елдерінің алыс беріс пен әлемнің өркендеуінде толыққанды серіктес болатындығына біз кепілдік береміз. Азамат соғысы мен жоқшылықтың тауқыметінен біз бейбітшілікті сақтау үшін бірлесе күресеміз. Әрбір ұлтқа қауіп төндіруші терроршыларға қарсы біз аяусыз әділетті күрес жүргізуімізден жаңылмаймыз."
XS
SM
MD
LG