Accessibility links

Грызлов: İİМ-гі террорлық актілерді ұйымдастырушылардың ізіне түсті дейді.


Ресейдің ішкі істер министрі Борис Грызлов кеше заңды бақылау агенттіктерінде жанкешті әйелдердің Ресейдің бірқатар қалаларында өзін-өзі бомбамен жарудың тізбекті операцияларын ұйымдастырмақшы болып отырған жөнінде ақпараттар бар деп айтқан. - Мұнда, Ресейде , осындай террорлық актілерді жүзеге асыруға басшылық жасайтын терроршылар тобы бар екендігіне күмән жоқ. Бізде өзін-өзі жаратын айел жанкештілерді даярлап, еліміздің түрлі аймақтарына жіберетін бұндай топтарды өте жақын уақытта ашкерелейтіндей деректер бар, - деген ішкі істер министрі. Грызлов бұл мәлімдеулерді кеше таңертең ертемен Мәскеудің орталығында жарылғыш затты залалсыздандыру барысында күзет офицері қаза тапқан соң бірнеше сағаттардан кейін айтқан. Жарылғыш құралды 22 жасар Зарема Музжикхоева мейрамхана жанына қалдырып кетпекші болған деп хабарланды. Ол Шешенстан азаматы болып шыққан, қашып бара жатқанда ұсталған. Өткен аптада Мәскеу маңындағы Тушинода жазғы конзерт алаңында екі жанкешті әйелдің жарған бомбаларынан 13 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG