1995 жылы 11 шілде күні сол кезде БҰҰ-ы қауіпсіздік аймағы деп жариялаған Сребреницада Босния-серб күштері мұсылманның 8 мыңға тарта еркек кіндіктілерін- балалардан бастап, ер-азаматтарын қырып тастаған болатын.
Өлтіріліп, үлкен бір шұңқырға тасталған құрбан болғандардың 282-нің денесі бүгін Потокаридегі Мемориалдық орталыққа қайта жерленетін болады. Бұл қаралы рәсімге 20 мыңға таяу адам қатысуға тиіс.
Франсс-пресс агенттігі Драган Микеревич осы қанды қырғын оқиғасына байланысты өткізілетін рәсімге қатысатын ең бірінші Босниялық -серб премер-министрі болады деп хабарлаған. Агенттік Микеревич Српска республикасының үкіметтік делегациясын бастап келеді дейді.