Accessibility links

Сеул Пхеньянның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды реттеу жөніндегі көпжақты келіссөздер жүргізуді қарастыруда.


Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа реттеу жөніндегі көпжақты келіссөздер жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Бұл жөнінде бүгін Оңтүстік Корея президентінің өкілі Бань Ки Мун хабарлаған. Сеул Пхеньянды аймақтағы ахуалды күрделендірмеуге көндіруге әрекеттеніп, Солтүстік Кореямен екіжақты пікір алмасулар жүргізіп жатыр. Таяу күндері Солтүстік Корея ядролық қару жасауды жалғастыратынын қайта хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG