Accessibility links

Израельдің Мегиддо түрмесіндегі палестиндік сотталғандар аштық жариялауда.


Израиль мен Газа секторының шекарасында Израяль қорғаныс министрі Шаул Мофаз бен Палестина Автономиясының қауіпсіздік қызметінің басшысы Мұхаммед Дахланның кездесулері өтті. Израиль радиосының хабарлауынша, бетпе-бет өткен екі жақты кездесу екі сағатқа созылған. Израиль қорғаныс министрі Шаул Мофаз Мұхаммед Дахланды Палестинаның қауіпсіздік органының террористік топтармен күресін күшейтуге шақырды. Ал, өз кезегінде Палестина қауіпсіздік қызметінің басшысы Дахлан Палестинаның тағы бір қаласынан Израиль әскерінің шығарылуын және түрмедегі палестиналықтардың босатылуын талап етті. Изариль радиосының соңғы хабары бойынша, Израильдің Мегиддо түрмесінде жатқан жүздеген палестин азаматы барлық палестиндік сотталғандарды босатуды талап етіп аштық акциясын жариялаған. Палестин өкіметі Израиль жағының босатуға уәде берген 350-ден басқа тағы 500-дей сотталғанды түрмеден шығаруын сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG