Accessibility links

8,000 мұсылман қырылған Сребреницадағы қанды оқиғаға 8 жыл болды.


Бүгін Сребреницада болған қанды қырғын оқиғасына сегіз жыл болды. БҰҰ-ның “қауіпсіздік аймағы” деп жариялаған Сребреницада 1995 жылы 11-ші шілдеде 8,000 мұсылман ерлері мен балаларын Босния сербтерінің әскері қырып өлтірген болатын. Жаппай өлтіріліп, бір шұңқырға тасталған мәйіттің 282-сінің денесі бүгін Потакаридегі Мемориалдық орталыққа қайта жерленді. Бұл қаралы жиынға 20,000 адам келді. Босниялық серб Драган Микеревич осы қанды қырғын оқиғасын еске алу рәсіміне қатысқан алғашқы премьер министр болды. Қаралы жиынға премьер министр Драган Микеревич Серб Республикасының үкіметтік делегациясын бастап келді.
XS
SM
MD
LG