Accessibility links

Германия Ираққа бітімгершілік әскер жолдаудан бас тартты


Германия Ирақтағы халықаралық бітімгершілік әскерге атсалысудан бас тартты. "Еліміздің әскери қоры онсыз да Ауғанстанда, Балкан аймағында және Солтүстік Африкадағы шаруаларға шашыраңқы жұмсалып отыр. Ирақтағы әскерге қосылуға Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттемесін Германия конституциясы талап етеді", деді Германия канцлері яки үкімет басшысы Герхард Шредер жұма күні. Бұдан бір күн бұрын осындай талапты Франция қойған болатын. Испания болса Ираққа 1300 сарбаз жолдайтынын хабарлады. Испания Ирақ соғысын әу бастан қолдаған. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ирақта неғұрлым көбірек мемлекетттің әскері қатысатын халықаралық жасақты жинағым келеді деген. Ирақта әскер ұстау ай сайын Америка Құрама Штаттарына 4 миллиард доллар шығын әкеледі, бастапқы есептен бұл әлде қайда көп деді Дональд Рамсфельд.
XS
SM
MD
LG