Accessibility links

Балқандағы үш мемлекет басшылары кездесулер өткізуде.


Бұлғарстан, Македония және Албания ел басылары бүгін Албанияда кездесуде. Македония ел басы Борис Трайковски, Бұлғарстан ел басы Георги Парванов және Албания ел басы Альфред Моисию кеше Македония қаласы Охридте бас қосқан еді. Ол басқосу барысында Адрият теңізінен Қара теңізге дейін жалғасатын теміржол және автокөлік жолдарын салу талқыланды. Бір мың 300 километрге созылатын бұл жол Европалық 8-ші жол дәлізі деп аталмақшы. Бұған байланысты Европа одағының аталған жобаға қаржылай қолдау көрсетуіне шақыратын қарар қабылданды. Жұма күні Бұлғарстанда басталған ақыладсуларын үш ел басы осылайша бүгін аяқтамақшы.
XS
SM
MD
LG