Accessibility links

Ирақ Саяси кеңесінің алғашқы мәжілісі болып өтті


Дүйсенбі күні Бағдатта өтпелі кезеңдегі жаңадан құрылған Саяси кеңестің бірінші мәжілісі болып өтті. АҚШтың Ирақтағы азаматтық әкімшілігі екі айлық талқылаулардан соң, Ирақтағы 25 мүшелік жаңа Саяси кеңес құрамын бекітті. Кеңес министрлердің кандидатурасын мақұлдауға, жаңа заңдарды қабылдауға, үкіметтік келісімдерге қол қоюға, Ұлттық бюджетті бекітүге құқығы бар.

Сондай-ақ, Кеңес Ата заңның жобасын жасайтын комитет мүшелерін де тағайындай алады. Дегенмен барлық бақылау АҚШ басшылығындағы азаматтық әкімшілік қол астында болады. Ирақ Саяси кеңесінің алғашқы жарлығымен сәуірдің 9-ы күні "Саддам Хусейннің тақтан құлатылған күні", деп жарияланды. Бұл күн Ұлттық мереке деп бекітілді. Ал оған дейінгі режим кезінде аталып келген алты мереке бекер етілді. АҚШтық бас әкім Пол Бремер Кеңес алдына шығып былай деген.

"Жаңа Ата заңды Ирақ халқы мақұлдағаннан соң егемен елдің жаңа сайлаулары өтеді. Коалиция атынан айтарым – президент Буш және біздің әріптестеріміз алдағы айларда да қойылған міндеттерді іске асыруда сіздерге өз көмегін аямайтын болады", деген Пол Бремер.

Сәуір басында Саддам Хусейн режимі құлаған кезде АҚШ Конституциондық ассамблеясын құрмақ болған еді. Бірақ Пол Бремер ол құрылымға қарсы болып, мамыр айында жаңа жоспар ұсынды. Кейбір Ирақтық партиялар Жаңа кеңестің құрылуын билік орнатудағы игі қадам деп есептейді.Бұл мәселеге орай, Ирақ Ұлттық конгресінің өкілі Қандар, " Біз бүгін тарихи уақиғаның күәсі болып отырмыз. Бұл, Саддамнан кейіңгі алғашқы Үкімет. Бұл, адам құқтарын сыйлайтын, демократияға, әлем елдерімен түбегейлі байланысқа жол ашатын жаңа үкімет болмақ", деді. Саяси кеңеске Ирақтағы негізгі партиялардан жетекшілер кірді. Олардың арасында Ирақ Ұлттық конгресі жетекшісі Ахмед Чалаби, Шииттер тобынан Абдел-Азиз ал-Хаким, екі Курд партиясынан - Масуд Барзани және Джалал Талабани да бар.
XS
SM
MD
LG