Accessibility links

Арканның жесірі босатылды


Сербия полициясы танымал әнші, Аркан деген лақап атпен белгілі бұрынғы қолбасшының жесірі Светлана Разнатовичты төрт ай қамауда ұстап, кеше босатты. Светлана Разнатович Сербияның бас министрі Зоран Джинджичті наурыз айында өлтірткендердің бірі деп сезіктелген. Бұл қылмысты негізінен бұрынғы қолбасшы Милорад Лукович тындырды деп есептеледі, ол қолға әлі түскен жоқ. Светлана Разнатовичтың қамалуы бір қатар наразылық тудырған болатын. Полиция оны босатқанымен қару жарақты заңсыз ұстады, өзінің футбол клубында заңсыз істермен айналысты деп айып тағып отыр.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG