Accessibility links

АҚШ-тың бюджет тапшылығы 445 миллиард долларға жетеді


Америка Құрама Штаттарының экономикасы қиын кезеңді одан ары басынан кешеді деп ресми айтылды. 2003-ші қаржы жылында елдің жалпы бюджет тапшылығы 445 миллиард долларға жетеді, деді АҚШ әкімшілігі. Бес ай бұрын айтылған жорамалдан бұл болжам 50 процент артық.

Ақ үйдің бюджет комитетінің басшысы Джош Болтон мұндай үлкен тапшылықтың себебі көп деді. Басты себептің бірі ретінде экономикалық өсудің қысқарғаны, терроризмге қарсы соғысқа қосымша шығын жасалғаны аталды. Мәселен, Ирақтағы шаруаларға ай сайын төрт миллиард доллар кетеді. "Дегенмен, Американың қауіпсіздігін қамту мақсатына қарағанда, экономикалық өсу шаруасына қарағанда - бюджет тепетеңдігі соншама маңызды құндылық емес", деді Джош Болтон.
XS
SM
MD
LG