Accessibility links

AҚШ әскери күштері Иракта қажет деп табылған мерзімге дейін ғана тұратын болады.


Бұл жөнінде Құрама Штаттарының Ирактағы әкімі Паул Бремер мырза кеше Бағдадта журналистермен мәслихаты барысында айтты. Дей тұрғанмен, сайланып қойылатын жаңа өкімет қызметіне дейін жағдай анықтала түспекші. - Ата заң ирактықтар үшін ирактықтар тарапынан жазылатын болады. Оның соңғы жобасы Ирак халқына референдум қарсаңында ұсынылмақшы. Сондай-ақ толықтай егеменді Ирак өкіметі демократиялық, әділ де бейтарап сайлаулар арқылы анықталғаннан кейін мақұлданатын болады. Содан кейін біздің, яғни коалицияның жұмысы аяқталмақшы, - деді Бремер мырза. Бремер мырзаның бұл пікірі әзірге Ирак жерінде шектеусіз мерзімге дейін орналастырылған мыңдаған Америка солдаттарына тікелей байланысты. Ал, Әкімшілік жанынан кеңестің құрылуын Ирактың тәуелсіздігіне барар жолдағы нақты дәлел деп сипаттады Бремер мырза. Kеңес кешегі отырысында Саддам Хусейн билігі кезіндегі соғыс қылмыскерлері ісін қарайтын трибуналды жасақтау жөнінде шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG