Молдовадан іс жүзінде 1992 жылы бөлініп шыққан Днестр республикасы осы елден келетін тауарларға 100-процент салық еңгізді. Бұл бұрынғы салықтың мөлшеріне қарағанда бес есе көп. Днестр республикасының үкіметі еліміздің өнеркәсібін сақтауға мүдделіміз деп айтты. Ал мұның алдында Украина мен Молдова Днестр республикасынан шығатын тауарларды сатып алмауға уәделескен болатын.
Орыс халқы басым Днестр республикасы Молдовадан қысқа мерзімді қақтығыстан кейін бөлініп шыққан. Молдова президенті Владимир Воронин Днестр республикасы деп бөлінген аймақты қайта бағындыруға жақында тағы әрекет жасады. Алайда, мұндай қимылдар әдетте нәтижесіз қалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV