Accessibility links

Жарты жылдың ішінде қылмыстардың ашылуы 75,8 пайызды құрады


Шілденің 18-і күні Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі жарты жылда атқарған жұмысын қортындылады.

Жыл басынан бері 61725 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға аз,- деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Жалпы қылмыстардың ішінде ұрлық елеулі орынға ие болып отыр. Дегенмен, олардың саны өткен жылғыға қарағанда 16,3 пайызға кеміген.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда адам өлтіру оқиғалары 6,6 пайызға аз тіркелген. Биылығы жылы тапсырыспен адам өлтірудің 6 оқиғасы ашылған. Жалпы қылмыстардың ашылуы 75,8 пайызды құраған. Сот, тергеу және анықта органдарынан жалтарып жүрген 4977 азамат табылған.

Заңсыз айналымнан 12 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Оның ішінде 60 келіден астамын героин құрап отыр. Есірткі заттары контрабандасының 151 оқиғасының жолы кесілген. Сонымен қатар есірткіні тарату мен тасымалдаудың 96 арнасы жойылған. Оның ішінде 25-і халықаралық болып табылады.
XS
SM
MD
LG