Accessibility links

Пәкістанда су тасқынынан 30-дан аса адам қаза болды.


Пәкістанның оңтүстігінде қатты жауған жауынның салдарынан болған су тасқынынан 30-дан аса адам қаза болды. Жергілікті Джанг газетінің хабарлауынша, ауылдық елді мекендерден 23 адамды, Карачи провинциясының әкімшілік орталығындағы 10 тұрғынның өмірін әкеткен су тасқыны көптеген үйлерді құлатып кеткен. Біраз адам құлаған үйлер астынан табылып жатыр. Бұл жердегі 4 млн адам табиғат апатынан зардап шегіп отыр. Тұрмысы төмен отбасылар тұратын жүздеген үйлерді су шайып кетіп, төтенше жағдайға байланысты ол жерлерден жұртты қауіпсіз аймақтарға көшіріп жатыр. Табиғат апатынан құлаған үйлер мен ғимараттар астында қалған адамдарды шығаруға әскери жасақтар жетті.
XS
SM
MD
LG