Accessibility links

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі кеше Нахичеван эксклавындағы әскери бекетте Армения күштері оқ атып, бір солдатты өлтірді деп хабарлаған.


Таулы-Қарабақтағы этникалық армян жасақтары Әзірбайжан тарабына оқ жаудырды дейді қорғаныс министрлігі. Әзірбайжан жағы егер мұндай жайттар қайталана беретін болса, келісімдерге келудің бейбіт жолына қауіп төніп, соғыс қимылдары басталады, ол Армян жағының жеңілісімен аяталады деген мәлімдеме жасаған. Бірақ та Армения мен Таулы Қарабақтың қорғаныс министрлігі мұндай хабарларды жоққа шығарған. Министрліктің өкілі Сеиран Шаксувариан "Мен бұл мазмұндас хабарларды жоққа шығарудан шаршадым. Бұл түкке тұрғысыз" деп атап өткен. Армения мен Әзірбайжан 1990 жылдардың басында этникалық армяндар Әзірбайжанның бір бөлігі болып табылатын, бірақ негізінен армяндар тұратын Таулы Қарабақ аймағын өз бақылауына алғаннан кейін, өзара соғысқан болатын. Мәмлелесу келісіміне 1994 жылы қол қойылған. Бірақ содан бері екі елдің шекарасында күрделі жағдай қалыптасып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG