Accessibility links

Сот сарапшылары кеше Англияда табылған дененің кімдікі екендігін бүгін анықтайды.


Британияның премер-министрі Тони Блэрдің кеше Англияда табылған өлі дененің, бұдан бұрын жоғалып кеткен қорғаныс министрі кеңесшісінің мүрдесі екендігі расталса, сот ісін талап ету жоспары бар. Өйткені BBC-дің хабарлауынша Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы жөніндегі ақпарат бұрмаланды деген деректі айтқан осы сарапшы болуы мүмкін. Бұл мәлімдеуді бас министрдің өкілі премер-министр Блэр Вашингтоннан Токиоға қарай ұшып бара жатқан жолда айтқан. Англияда полиция мүрденің шынымен де Дэвид Келлидің денесі ме деген мәселені анықтап тексеріп жатыр. Темза полициясының жетекшісі Дэвид Пурнелл сот-медициналық сарапшылардың қорытындысынан кейін ғана нақты айтуға болады, ал әзірге оның жоғалған адамның белгілеріне ұқсастығы көп екендігін ғана айта аламыз деген. - Біз Харродоун төбешігінен табылған бұл дененің кімдікі екендігін ертең ғана айта аламыз, барлық тексерулер нәтижесі дайын болған соң ғана, ал әзірге менің айтарым мүрденің барлық белгілері доктор Келлидің суреттелуіне сәйкес келетіндігі, - деген полиция басшысы Пурнелл. Сейсенбі күні Британияның Ирақ соғысына қатысуын ақтап алу үшін үкіметтік билік адамдарында қолдан жасалған мәліметтер болды деген мәлімдеулерді зерттеуші парламент комитеті Келлиге күмән келтіріп, сұраққа алған болатын. Келли BBC-дің тілшісімен сөйлескенде Ирақтың жаппай қырып-жою қаруы жайында үкімет адамдарында нақтыланбаған деректер болды дегенді айтқанын мойындаған. Бірақ ол өзінің BBC хабарларының ақпарат көзі боламын деп ойламағандығын да айтқан.
XS
SM
MD
LG