Accessibility links

Ауғанстанның қорғаныс министрінің орынбасары, этникалық өзбек қарулы құрамаларының қолбасшысы Рашид Дустум Ауғанстанның қарулы күштерін түбегейлі реформалауды талап етуде.


КАБУЛ: АҚШ-тың әскери басшылығының хабарлауынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі терроризмге қарсы бірлескен күштердің керуеніне шабуыл жасаған қарулы топтың кем дегенде 24 жасағы қаза болды. АҚШ-тың әскери басшылығының мәліметіне сәйкес, бірлескен күштердің бірде-бір жауынгері жапа шекпеген. Жексенбі күні, сондай-ақ, талибтерге ұқсаған 60-қа жуық қарулы жасақ Пәкістанмен арадағы шекара ауданында Ауғанстан өкіметінің әскеріне шабуыл жасады. Үш сағатқа созылған айқас нәтижесінде 3 талибан мерт болып, 5-еуі жараланды. Ресми ақпарға сәйкес, үкімет әскері жағынан адам шығыны жоқ. Ауғанстанның қорғаныс министрінің орынбасары, этникалық өзбек қарулы құрамаларының қолбасшысы Рашид Дустум жексенбі күні Ауғанстан қарулы күштерін түбегейлі реформалау қажет деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Ауғанстан армиясы саясаттанып кеткен және ұлттық жіктерге бөлінген. Рашид Дустумның әскері Ауғанстанның солтүстігінде жергілікті тәжіктердің жасақтарымен айқасуда.
XS
SM
MD
LG