Accessibility links

Британияда белгілі жазушы, 63-жасар лорд Джеффри Арчер мерзімінен бұрын абақтыдан шығарылды.


1987-ші жылы лорд Джеффри Арчер "Дейли стар" газеті жариялаған ол жезөкшемен қатынаста болды деген деректерді жалған деп, ол басылымды сотқа берген болатын. Сотта Арчер басылым оған күйе жақты деп ант су ішкен еді. Бірақ, кейін келе оның сотты алдағаны анықталғанынан соң ол жалған мәліметтер бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Лорд Джеффри Арчер тар қапаста екі жыл екі күн отырып шықты.
XS
SM
MD
LG