Accessibility links

Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Болат Байқадамов Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың тұрмысымен танысады


Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Болат Байқадамов, шілденің 22-сі мен 25-і күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысында іс сапармен болады.

Сапар барысында уәкілетті өкіл облыс көлеміндегі әйелдер және жасөспірімдер колонияларының тыныс-тіршілігімен танысады, -деп хабарлады шілденің 22-сі күні Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.

Болат Байқадамов сотталғандарды ұстау жағдайымен, адам құқықтарының сақталуы мәселелерімен танысу мақсатында мекеменің жеке құрамымен кездеседі. Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.

Шығыс Қазақстан облысына аттанған делегация құрамында Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі Вечеслав Калюжный, Әділет министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару жүйесі жөніндегі комитетің төрағасы Нұрлан Смағұлов бар.
XS
SM
MD
LG