Accessibility links

Бүгін Мәскеудің аймақтық сотында журналист Дмитрий Холодовтың өліміне байланысты істі қайта қарау басталды.


Жауапқа тартылушылар алты адамды құрайды,олардың арасында барлаушы әскери әуе-десатнының барлау бөлімшесінің бұрынғы басшысы Павел Поповский бар. Өткен жылы бұлардың барлығы ақталған болатын.Алайда Жоғары Соттың әскери коллегиясы үкімді кейінге қалдырып, істі қайта қарауға жіберді. “Московскиий Комсомолец” газетінің тілшісі Дмитрий Холодов 1994 жылы 7 қазанда редакцияда болған бомба жарылысынан қайтыс болған еді. 90-ы жылдардың басында Дмитрий Холодов жоғары шенді әскерилер арасындағы сыбайлас жемқорлық жайында бірқатар мақалалар жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG