Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Саддам Хусеиннің екі ұлының қазасын Ирақтағы режимнің сөзсіз өзгеруінің кепілі деп бағалайды.


БАҒДАД: АҚШ президенті Дж.Буш Саддам Хусеиннің екі ұлының қазасын, Ақ үйдің өкілі Скотт МакКлелланның хабарлауынша, Ирақтағы режимнің сөзсіз өзгеруінің кепілі деп бағалайды. Ол жария еткен арнайы мәлімдемеде атап көрсетілгендей, Құсай мен Ұдай – Ирақ халқына қарсы жасалған көптеген қылмыс үшін жауапты. Ұдай мен Құсай және олардың екі серігі – Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында тұтқынға берілуден бас тартқан кезде өлтірілді. Олардың жасырынған жерін жергілікті тұрған нұсқап берді. Сәрсенбі күні Ирақта екі АҚШ жауынгері мерт болды. Бірі – Бағдадтан солтүстікке қарай кетіп бара жатқан автокеруенге жасалған тұтқиыл шабуылдың нәтижесінде, екіншісі – Рамади қаласында қза болды, тағы 8 жауынгер жараланды. Осы күні, сондай-ақ, араб радиоларының бірі әуе толқынына Саддам Хусеиннің 20-сыншы шілде күні жазылған дауысы деп көрсеткен аудиожазуды берді. Таспадағы дауыс Ирақтағы соғыс әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеп, коалициялық әскерлерге тойтарыс беріледі деп қорқытты.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG