Accessibility links

АҚШ-тың Ирақтағы азамататтық әкімшілігі алдағы 60 күннің ішінде бірқатар маңызды шараны жүзеге асырмақ.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Ирақтағы азамататтық әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремердің мәлімдеуінше, алдағы 60 күннің ішінде АҚШ Ирақта бірқатар маңызды шараны жүзеге асырмақ. Сәрсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде П.Бремер ол шараларға қоғамдық тәртіп орнату, экономикаға жан бітіру және демократиялық институттарды құру жоспарлары жатады деп хабарлады. Ол шараларға, сондай-ақ, еріктілердің жаңа армиясының ең бірінші батальонын жасақтау жоспары да кіреді.
XS
SM
MD
LG