АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд “американдық әскерилердің Ирақтағы операциясы барысында өлгендер Саддам Хусейіннің ұлдары Құсай мен Ұдай екендігін дәлелдейтін фотоқұжаттарды АҚШ жақын арада көрсетеді” деп мәлімдеді. Пентагон басшысының орынбасары Пол Вулфовицтің айтуынша, “мұндай қадамға барудың себебі, Ирақ халқының америка басшылығына деген сенімін тудыру". Сондай-ақ, Вулфовиц, “Саддам Хусейіннің ұлдарының өлімінің анықталуы Ирақта американдық әскерилерге шабуыл жасаудың тоқтылуына себеп болуы мүмкін”, деді. Сәрсенбі күні американдық әскерилер өлгендер Ұдай мен Құсайдың мәйіті деп анықталғанын хабарлады.
Сондай-ақ, Ирақтың республикалық гвардиясының арнаулы бөлімінің бұрынғы әскери басшысы Барзан Абд әл-Гафур әл –Тикрити ұсталды.
Американдық әскерилер мәйіттердің Ұдай мен Құсайдың денелері екендігі анықталғанын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?