Accessibility links

Иран Европа одағын өкпелетіп алуы мүмкін


Өз аумағындағы атомдық энергия алаңдарына халықаралық қару-жарақ тексеру инспекторларын жібермесе, Европа одағы Иранға сауда-саттық саласында қомақты санкциялар жарияламақ.

Европа одағы осы аптада жаппай қырып-жою қаруларының тарaлуына жол бермеу - Дүниежүзілік қауіпсіздіктің кепілі деп жариялады.

Европа одағы қыркүйек айына дейін, халықаралық қару-жарақ инспекторларын атомдық энергия алаңдарына жіберу жөніндегі БҰҰ-ның хаттамасына Иранның қол қоюын талап етіп отыр.

Сондай-ақ, Европа одағы сыртқы істер министрлері Иранға терроршылықпен күрес, зымыран шығару технологиясы, Таяу шығыстағы бейбітшілік және адам құқықтары мәселелері бойынша да бұрыннан келе жатқан талаптарын тағы қойды. Егер ол талаптар орындалар болса, Одақ Иранмен сауда саласындағы өзара келіссөздерді табыспен аяқтау мүмкін екендігін ескертеді.

Лондондағы Европалық реформалар орталығынан бас сарапшысы Стивен Евертс ол мәселеге орай былай дейді. - Меніңше, қыркүйектегі ықтималды тексерулерге орай, қару-жарақ тексеру тобының жетекшісі Мохаммед Ел Барадей, Техран жөнге көнбей отыр. Олар ядролық нысаналарға инспекторларды жібергісі жоқ десе, Европа одағы онда сауда жөніндегі келіссөздер де болмайды деуі мүмкін, - дейді лондондық сарапшы.

Евертстің айтуынша, ядролық қарумен салыстырғанда, Ирандағы зымыран жасау технологиясы, палестиндік бүлікшілдерге көмек, адам құқықтарының бұзылуы жағдайлары екінші дәрежелі мәселе.

Ал әзірше, Иранның БҰҰ талаптарынан кейінгі әрекетіне орай, Европа одағы сыртқы істер министрлерінің көзқарасы біркелкі емес.

Франция сыртқы істер министрі Доминике де Вилепиннің пікірінше, Иранда орын алуы мүмкін "стратегиялық аласапыран" кесірінен, Иран оқшауланып қалуы мүмкін. Бірақ одан халықаралық қауымдастық ұтпайды.

Ал әзірше, Иран Европа одағы қойған талаптарға келіспей отыр. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи, біз ондай қатаң шарттарды, қорқытуларды қабылдамаймыз деген.

Брюссельдегі Европа саясаты орталығының директоры Камеронның айтуынша, қауымдастықтан шеттеп қалмау үшін, Иран түбінде Европа одағы талаптарына құлақ асуы мүмкін.

- Ирандық ресми басшылықпен өзара пікір алмасқанда байқағаным, Иран Европа одағы ұсынған шарттарға көнуі мүмкін. Иранда бұл мәселеде жоғары деңгейде кеңестер жүруде. Сонымен қатар, меніңше, Евроодақ пен АҚШ арасында да өзара талқылаулар қыза түскен. Қалай болғанда да мәжбүрлі жағдайда болса да, бірер игі нәтижеге қол жеткізілсе жаман болмас, - дейді министрлік өкілі.

Ирандық әкімшілік ұсынылған қаттамаға қарсы емес сияқты, бірақ өз кезегінде азаматтық саладағы ядролық заттардың Иранға әкелінуіне жарияланған тиымды халықаралық қауымдастық алып тастауы керек деп есептейді.

Европа одағы болса, Иранның бұл шартын қабылдамай отыр.

Лондондық сарапшы Евертстің айтуынша, Иранға сөзін өткізе алмаса, онда Евроодақ тың қарарларынан мән кетеді.

- Егер келісімдерді іске асыра алмасақ, онда Евроодақтың халықаралық беделі не болмақ ? Қағидаларды қолдау керек, бірақ заң тәртіптері бұзылса, біздің қатал болуымызға тура келеді. Ал қазіргі кезде Иран ережелерге көнбей отыр, - дейді Евертс.

Брюссельдегі орталық директоры Камеронның пікірінше, қажет болса Евроодақ өз айтқанын іске асыра алады.

- Европа одағы жүгенсіз елдер, зұлымдық мекені деп отырмайды. Бірақ егер дұрыс саясат болса, ол іске асуы қажет. Дегенмен, Иранды санкциялармен халықаралық қауымдастықтан оқшауландырып тастағанша , қиын да болса, ол елде бірер игі өзгерістер жасау қажет болар, - дейді Фрейзер Камерон.

Камеронның айтуынша, Кубаға жасалған 40 жылдық санкция, эмбарголардан АҚШ ешбір табысқа қол жеткізіп отырған жоқ.
XS
SM
MD
LG