ТАЯУ ШЫҒЫС: Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласында Израиль әскерилері “Ислам джиһады” тобының жоғары лауазымды өкілі Аһмад Шабаниді ұстады. Оның терроризмге шатысы бар ма деген күдік бар. “Ислам джиһады” тобы – ондай тұтқындаулар Израильмен арада таяуда ғана қол қойылған бітімнен өзін бас тартуға мәжбүр етуі ықимал деп мәлімдеді. Бітімнің басты шарттарының бірі – Израиль түрмелерінде отырған барлық палестиндіктерді босату болатын. Ал Израиль өкіметі әзірше “Ислам джиһады” және “Хамас” топтарының өкілдерін босатудан бас тартуда. Палестиндік тұтқындардың тағдыры, сондай-ақ, Палестина автономиясының премьер-министрі Махмуд Аббастың Вашингтонға сапары барысында талданбақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі