Accessibility links

АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшылығы бұрынғы диктатор Саддам Хусеинің екі ұлы - Құсай мен Ұдайдың өліктерінің суреттерін жария етті.


БАҒДАД: АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшылығы бұрынғы диктатор Саддам Хусеинің алдыңғы күні Мосул қаласында өлтірілген екі ұлы - Құсай мен Ұдайдың өліктерінің суреттерін жария етті. Ол суреттерді көп кешікпей Ираққа хабар беретін Си-Эн-Эн телеарнасы мен араб теледидарлары көрсетті. АҚШ ол суреттерді бұрынғы диктатор ұлдарының шынында да мерт болғанына Ирақ халқының көзін жеткізу үшін жария етіп отыр. Дәл сол күні, бейсенбіде, солтүстік Ирақтағы Мосул қаласында АҚШ-тың 3 жауынгері қаза болды. Олар отырып келе жатқан автокеруен гранататқыштардан атқыланды. Қаза болған жауынгерлер Саддам Хусеиннің ұлдары жасырынған үйге шабуыл жасаған 101-інші дивизияда әскери міндетін атқарған болатын.
XS
SM
MD
LG