Accessibility links

Әзірбайжандағы президент сайлауы әділетсіз өтеді деген болжам айтылуда.


Әзірбайжанда қазан айында президент сайлауы өтетіні белгілі. Әзірбайжанды совет заманында басқарып келе жатқан сексен жасар Ғейдар Әлиев билікке қайта өтпекші. ел астанасы - Бакуде кеше осы мәселеге арналған қоғамдық мәслихат өтті. "Азаматтық қоғам үшін" құқық қорғау ұйымының төрағасы Элдар Ысмаилов алдағы сайлау әділетсіз өтеді деп мәлімдеді. Орталық сайлау комиссия негізінен президентке тәуелді тұлғалардан жасақталғаны бұған дәлел ретінде айтылды.

Орталық сайлау комиссиясы жақында үш балама үміткерді тіркеуден бас тартты. Атап айтқанда, парламенттің бұрынғы төрағасы Расұл Ғұлиев, Әзірбайжанның бұрынғы президенті Аяз Мұталибов, президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Эльдар Намазов сайлауға қатыстырылмайтын болды. Орталық сайлау комиссияның құрамындағы бес оппозициялық қайраткер бұл шешімге наразылық танытып, сотқа талап арыз түсірді.
XS
SM
MD
LG