Accessibility links

Саддам Хұсеиннің ұлдарын көрсеткен азаматқа 30 миллион доллар төленетін болды.


Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хұсеинің ұлдары Құсай мен Ұдайды көрсеткен азаматқа АҚШ басшылығы уәде етілген 30 миллион доллар сыйақыны төлейтін болды. Керек қағаздардың барлығы толтырылған соң ақша иесіне қолма-қол тиеді деп ресми айтылды.

Құсай мен Ұдай сейсенбі күні Мосыл қаласында табылып, кескілескен шайқастың барысында өлтірілген. АҚШ басшылығы кеше олардың өліктерінің суреттерін жариялатқызды. Себебі ирақтықтардың көпшілігі бұрынғы диктатор басшының ең жақын адамдары қаза болды деген хабарды, олар билік басына енді қайтып келмейді деген хабарды сенімсіздікпен қабылдаған еді. Олардың сүйектері кеше Бағдад әуежайында бір топ журналистке көрсетілді.

Кеше сондай ақ Тикрит қаласында Саддам Хұсейннің бір топ оққағары ұсталды. Олар Саддамды соңғы күндері көрді ме, жоқ па - әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG