Испанияның солтүстігіндегі Эстелья қаласында болған бомба жарылысынан, бір адам жарақаттанған. Билік басындағылардың пікірінше, бұл жарылыс- ЭТА сепаратистік тобының ісі. Бұл соңғы күндердегі екінші теракті. Өткен сейсенбі күні Бенидорм мен Аликанте курорттық қалаларында жарылыс болып, 13 адам жарақаттанған болатын. Бүгін Мадрид соты ЭТА тобының екі мүшесін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар 1987 жылы Барселонда болған жарылысты ұйымдастырушылар ретінде айыпталып отыр. Ол жарылыста 21 адам қайтыс болып, 44 адам жарақаттанған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды