Accessibility links

АҚШ-тық генерал Ричард Майерс екі ұлының өлімінен кейін енді Саддам Хусейннің өзі де табылады , дейді.


АҚШ әскери біріккен күштерінің бас штабы қолбасшысы генерал Майерс, Бағдаттан тұрып, қару-жарақтардың құпия қоймалары және жасырынып жүрген адамдардың қайда екендігі жөнінде дәйекті деректер келіп түсіп жатыр, деген. Ричард Майерс, уақты-сәті келіп, Саддам Хусейн де қолға түседі, дейді. Ирақтағы өтпелі кезеңдегі басқару әкімшілік кеңесі Саддамның ұлдары Ұдай мен Құсайдың денелерін өз отбасына қайтарылуын сұрап отыр. Саддамға жақтас Бунассер тайпасы жетекшісі Шейх Махмуд ал-Нада Ал Жазира теле-арнасынан сөйлеп, ол өтініштің орындалуна сенім білдіреді.

- АҚШ-тың Ирақтағы әкімі Пол Бремердің өкілі маған, Бағдатқа келгенде бұл мәселені қоямын деп уәде етті. Ал бүгін алған хабарға қарағанда, мен Қызыл крестке арнайы өтініш жолдауым керек екен, ал ол халықаралық ұйым, өз кезегінде, одан әрі жоғарығы әкімшіліктерге сұрау жасайды екен. Содан кейін Ұдай мен Құсайдың мәйіттері Қызыл крест ұйымы арқылы бізге тапсарылыатын болады, - дейді Шейх Махмуд Ал Нада.
XS
SM
MD
LG