Accessibility links

Израиль Құрама Штаттардың қарсылығына қарамастан, Иорданның батыс жағалауындағы алып қорғаныс құрылысын одан әрі жалғастыра бермек.


Бұл жайында Израиль премьер министрі Ариел Шарон АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуден кейін берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Шарон бұл екі аймақты бөліп тұратын қорғаныс қабырғасы палестиндік жанкешті террористер израилдық жерге кіріп кетпеуі үшін қажет дей келе, осы қорғаныс қамалы израилдіктер сияқты палестиндіктердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп атап өткен. Бақылаушылар осыған дейін бұл жоспарды қатты сынаған, Америка әкімшілігі бүгінде өз ұстанымдарын өзгертіп, Шаронға қысым көрсетпей қалғанын айтады. АҚШ президенті Джордж Буш Палестина мемлекеттігін құрудың мерзімі "Жол картасы" деген атпен белгілі бейбіт жоспарда айтылғандай, Израилге террорлық актілерді тоқтатумен тікелей байланысты деп мәлімдеген. Израиль премьер министрі Ариел Шаронның Вашингтондағы сапары одан әрі жалғасуда. Ол бүгін вице-презиеднт Дик Чейнимен кездесуде.
XS
SM
MD
LG