Accessibility links

Адам саудалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Шілденің 30-ы күні Бас прокурор Рәшид Түсіпбековтің төрағалық етуімен республиканың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда адам саудасымен күрестің жай-күйі қаралды.

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Бас прокуратураның халықаралық істер жөніндегі басқармасының бастығы Сергей Досболов, халықарлық сарапшылардың адам саудасын пайда жағынан қару және есіркті саудасынан кейін үшін орынды алады деп бағалап отырғандығын айтты.

Осы қылмысқа қарсы күресті күшейтуде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді.

Енді адамдарды жыныстық және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін қасақана шет елдерге әкетушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Сергей Досболов Қазақстанда бұл қылмысқа қарсы күрестің үнемі жүргізіліп келе жатқандығын айтты. Оның айтуынша, туристік фирмалар, сонымен бірге жұмыс күштерін тасымалдаумен айналыстан ұйымдар жыл сайын тексеріледі.

Бұл орайда арнайы іс-шаралар жоспары жасалған. Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары ғана емес тиісті министрліктер де қатысатын болады.

Қазақстанда бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Кінәлілер жуық уақыттарда сотталатын болады.

Сергей Досболовтың айтуынша, қылмысты дәлелдеу қиындық туғызады, себебі қылмыс басқа бір мемлекетте аяқталып жатады. Көптеген біздің азаматтар жұмыс үшін шет елге барғанда құжаттары туристік визамен рәсімделеді. Ал туристік виза шетелде жұмыс істеуге құқық бермейді. Мұндай жағдайда олар заңсыз келуші болып табылады. Олар төлқұжаттан айырылғаннан кейін, өздеріне ұсынған жағдайға баруға мәжбүр болады. Сондықтан да біз тексеру барысында шет елге жұмысқа баратын адамдарда еңбек визасының болуы міндетті екенін айтамыз.

Қазақстан Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның қызметкері Сайда Ысқақова, комиссия тарапынан адам саудасына қарсы күрес іс-шараларының 1999 жылы басталғанын айтты. Алайда, ол бұл проблема Қазақстанда жалпы сипатқа ие болып отырған жоқ деп есептейді.

Үйлестіру кеңесінде бірқатар халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерді Қазақстан Республикасының бекітуі және қол қоюына байланысты жұмыстарды ширата түсу қажеттігі атап өтілді.

Үйлестіру Кеңесінің шешімімен республика құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау және тергеу әдісі жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасы мақұлданды.

Қазақстан Республикасының үкіметіне нақты ұсыныстармен қоса ,ақпарат жолданатын болып шешілді.
XS
SM
MD
LG