Accessibility links

Халықаралық Амнистия және Хьюман Райтс Уотч ұйымдарының өзіндік жұмыс жүргізу жүйесі қалыптасқан.


Халықаралық Амнистия және Хьюман Райтс Уотч ұйымдары күллі әлемдегі адам құқықтарының аяқасты етілу жәйттарын көпшіліке жеткізіп отырады.

Бұл ұйымдар қалайша мәліметтер жинайды және өздері жұмыс атқаратын елдерде қандай қиыншылықтарға душар болады ? Зерттеу хабардың екінші бөлімінде халықаралық үкіметтік емес адам құықтарын қорғаушы ұйымдар авторитарлық үкіметі бар елдерде қалайша өз жұмыстарын атқарып жүр соған тоқталатын боламыз.

Халықаралық Амнистия және Хьюман Райтс Уотч ұйымдары өздерінің ар-ождан тұтқындарын босатуларымен және әлемнің шартарабында заңды белден басқан сот үкімдерінің күшін жойдыру арқылы Батыс елдерінде үлкен бедел мен зор сенімге ие бола білді.

Халықаралық Амнистия ұйымы 1977 жылы өз жұмысы үшін бейбітшілік сақтау бойынша Нобель Сыйлығын алды. Аталмыш екі ұйымның жылдық баяндамалары ақпарат құралдары үшін негізігі бағдаршам болып жүр. Осыдан сауал туындайды : бұл ұйымдардың хабарландыруларының тигізер әсері қаншалықты және қуғын -сүргінге ұшыраушыларға тигізер көмегі қандай ?

Хьюман Райтс Уотчтың Ташкенттегі өкілеттігін басқарушы Матильда Богнердің Азаттыққа айтуынша:

- Әрдайым біз бұнда қандай ықпал жасап отырмыз дегенге жауап беру оңай емес. Өкінішке қарай мен жалпы адам құқықтарының жақсарып кетуін көріп отырғаным жоқ. Дегенмен, егер біз бұнда болмасақ, ол мүлде асқынып кеткен болар еді. Мен білмеймін. Бірақ жекелеген тұлғаларға біздің ықпалымыз бар. Келтірер қолдау жеткілікті. Кейде адамдар бізге келіп, өздерінің басында бар қиыншылықтарын айтып, мұңын шағады және олар біздің жалпы Өзбекстандағы қалыптасқан хал-ахуалға, болмаса олардың басындағы қиыншылықтарға тікелей өзгеріс жасай алмасақ та, оларға қол ұшын беруге әзір екендігімізді олардың мәселелерін шешуге атсалысып жүргендігімізді көреді. Бірақ олар өздеріне қолдау бар екендігін және ынтымақтастықтың барлығын, біздің осында екендігімізге және біз олар туралы мәліметтерді күллі әлемге таратып, олардың нендей қиянаттарға душар болғандары туралы жұртшылықты хабардар ететіндігімізді ризашылықпен қабылдайды. Бірақ кейде біз нақты жағдайларда нақты ықпал жасай аламыз.

Сондай мысалдың бірі ретінде Богнер, Өзбекстандағы оппозициялық "Бірлік" тобының мүшесі Эргаш Бобожановтың, қырғызстандық газетте жарық көрген үкіметті қаралаған екі хат жолдаған айып бойынша қамауға алынып, ал ақпан айында елбасының рахымшылдығымен бостандыққа шықанында Хьюман Райтс Уотчтың Бобожановқа араша түсуінің жемісі деп санайды Богнер.

Өзбекстандық "Мазлум" адам құқықтарын қорғау ұйымының төрағасы Атаназар Арипов Хьюман Райтс Уотчтың жұмысына былайша баға береді:

- Біздің үкіметке ықпал жасау өте қиын, олар назар аудармайды. Бірақ біз әсіресе Хьюман Райтс Уотчтың тақырыптық баяндамалар мен хабарландыруларын жоғары бағалаймыз. Олар тікелей үкіметке ықпал жасай алмаса да, олар өзге үкіметтерге ақпарат беру арқылы өз дегендеріне жетеді. Мысалы Құрама Штаттар олардың мәліметтерін пайдаланады және БҰҰ-да солай жасайды. Және олар арқылы кейде нақты адамдарға нақты көмек беруге болады.

Орталық Азиядан мыңдаған шақырым батыста жатқан Белорусияда жергілікті адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар елбасы Александр Лукашенконың авторитарлық режимімен күресуде. Лукашенко шетелдік адам құқықтарын қорғаушы ұйымдарды жансыздық жасайды және дұшпандық насихатты таратады деп айыптады. Бірақ Белорусия Хельсинки Комитетінің мүшесі Алес Хулак сындыларға Халықаралық Амнистия және Хьюман Райтс Уотч сынды халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың қолдауы тоқталуға тұрарлық:

- Бізге, елдің ішінде жұмыс жасайтын құқық қорғаушы топтарға бұл ұйымдардың пайдасы зор, өйткені ол біздің әрі қарай жұмыс жасауымызға және біздің қауіпсіздігімізге кепілдік береді. Мен айтқан болар едім, бұндай ұжымдық қорғану жүйесі бір жағынан іске асып отыр.

Өзбекстандағыдай бұл ұйымдардың нақты келтіріп отырған пайдасына тоқталу өте қиын болғанымен, бірақ Хулак мынаған нақты назар аударады:

- Егер бұлар болмаса одан да жаман болған болар еді деуге болады. Олардың жұмыстары қаншалықты тиімді, аталмыш ұйымдардың тікелей ықпалы қандай ол жағын дөп басып айту қиын, бірақ олардың істері болмаған болса жағдай одан да нашар болған еді.

Жер шарындағы адам құқықтарының белсенділері тындырылмайтын шаруалармен тап келгенімен, олардың айтуынша аздаған жеңістердің өзі назар аударуға тұрарлық.
XS
SM
MD
LG