Accessibility links

Әлеуметтік әріптестік бойынша отырыс


Әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үшжақты комиссияның отырысы болып өтті

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілденің 31-і күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александар Павловтың төрағалық етуімен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу және әлеуметтік әріптестік бойынша республикалық үшжақты комиссияның отырысы болып өтті.

Еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысы әлеуметтік әріптестіктің республикалық, салалық және аймақтық деңгейдегі рөлін нығайтуға арналған. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия атқарған жұмыстардың нәтижесінде барлық облыста үшжақты келісімдер жасалды. Үшжақты комиссияның қызметі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған.

Аумақтық үшжақты комиссиялардың жұмысын жүйелі талқылап отыру тәжірибесі енгізілді. Отырыста Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы әлеуметтік әріптестік жағдайының мәселелері талқыланды.

Мәжілісте тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерімен арасындағы Бас келісімді іске асыру жөніндегі 2003 және 2004 жылдарға арналған іс- шаралар жоспарын бекітті. Сонымен бірге жұмыс берушілер үшін кадрларды даярлауға жіберілетін қаражатына қатысты салық салық жеңілдіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар қаралды.

Қазақстан Республикасының жұмыс берушілер Конфедерациясы республика кәсіпкерлерін оқыту барысын, өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ынталандыратын жүйе құруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG