Accessibility links

Беларуссия президенті Александр Лукашенко президенттік үшінші кезең үшін алаңдаушылық білдірген.


Ол кеше төрт сағатқа созылған баспасөз-мәслихатында оппозиция мені келесі президенттік мерзімге мәжбүрлеп отыр деп атап көрсетіп, мұның өзі елде төтенше жағдайдың қалыптасуына итермелейді деген сөздер айтқан. Лукашенко үшінші президенттік мерзім мәселесін шешуді референдум еншісіне беріп, халықтың талқысына салатын боламын деген. -Егер тіпті мен кеткен жағдайда да, бәрібір мен тек халық арқылы кететін боламын, халық егер референдумда, Лукашенко, саған жаңа мерзім жоқ деп айтатын болса ғана кетемін, - деп айтқан президент. Оппозиция жетекшілері Лукашенконың кезекті президенттік мерзімі 2006 жылы біткен соң да, билік басында қалғысы келетіндігіне өкініш білдірген болатын. Беларусь президенті 1996 жылы референдум арқылы өз билік мерзімін ұзартып алған-ды. Лукашенко 2001 жылғы дауыс берулерде де шетелдік үкіметтер мен бақылау ұйымдары оған әділетті, әрі еркін болмады деп баға бергеніне қарамастан, жеңіске жеткен болатын.

AzattyqTV

Ресейдің "тыңшысы"

Kaspersky Lab. дауы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG