Accessibility links

Ресейдің билік басылары Солтүстік Осетиядағы әскери госпиталда болған жарылыстан ең кемінде 35 адам қаза тауып, олардан басқа тағы да 150-дей адам түрлі жарақат алды деп мәлімдеген.


Бас прокуратура өкілі Сергей Фридрински жұма күні Моздокта орын алған бұл қастандық жарылысы құрбандарының саны әлі де көбейе түсуі мүмкін деген. Куә болғандардың айтуынша жарылғыш зат толтырылған автомашинаны белгісіз біреу айдап келіп, аурухананың ауласына қойып кеткен. Моздокта көршілес Шешенстандағы сепаратистермен күрес жүргізіп жатқан Ресей қарулы күштерінің бас штабы орналасқан. Жарылысты шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешқандай топ өз мойнына алмаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG