Тегеранға алдағы дүйсенбі күні Халықаралық атом энергикасы агенттігінің мамандары келіп, Иран басшылығынан кез-келген ядролық нысананы тексеруге рұқсат беретін хаттамаға қол қоюын өтінбек. АҚШ Иранды ядролық қару-жарақ дайындап жатыр деп айыптап келеді. Ал Тегеран бұл ядролық бағдарлама бейбіт мақсатқа көзделіп отыр дейді.