Accessibility links

Сыналып келген Либерия президенті Чарльз Тейлор билік басынан тамыздың 11-де кетуге келісім берген.


Мұндай шешімге ол кеше Монровияда Батысафрика елдерінің аймақтық мемлекет басшылары қойған талап –шарттарды жеткізген өкілдермен кездесуден кейін барып келген. Мұндағы азаматтық соғысты тоқтату үшін преизденттің билікті тастап, елден кетуі басты шарттың бірі ретінде қойылған болатын. Тейлордың анық қай күні Либериядан кететіні немесе оның орнына билік тағына кім ие болатындығы нақты айтылмаған. БҰҰ-ы өткен жұма күні Либерияға көпұлтты қауіпсіздік күштерін орналастыру жөніндегі шешімді мақұлдаған болатын. Нигериядан келетін алғашқы жасақтар Либерияда алдағы дүйсенбі болуы тиіс. Көпұлтты қауіпсіздік күштерінің Либерияда тұрақтау мерзімі екі - ай.
XS
SM
MD
LG